- 2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша Алматы қаласында ірі салалардың бірі - машина жасау, атап айтқанда, автомобиль өндірісі саласы. Тек 2023 жылдың ішінде 48 857 көлік құралы шығарылды, - деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлік басқармасының мәліметіне сәйкес, соңғы 3 жыл ішінде, яғни 2021-2024 жылдары Алматы қаласында 57 кәсіпорын іске қосылған. Оның ішінде 27 кәсіпорын өткен жылы ашылды.
Еске салайық, бұған дейін Алматы кәсіпкерлері жыл басынан бері 2 трлн теңгеге жуық салық төлегенін жазғанбыз.