Алматыда Оңғарсынова көшесі екі күнге жабылады

Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Оңғарсынова көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Атап айтқанда, 12 қараша сағат 13:00–ден 13 қараша сағат 23:00–ге дейін Мөңке би көшесінен Т. Рысқұлов даңғылы аралығындағы жол аймағы жабылады.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады.

— Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Желтоқсан көшесімен екі бағытта жаңа автобус бағыттары жүретінін хабарлағанбыз.