Спикердің сөзінше, былтыр Алматы 5491 адамнан қатерлі ісік анықталып, есепке қойылды.
«Алматы онкология орталығының есебінде 31 866 пациент бар. 2023 жылдың қорытындысы бойынша есепке алынған 5 491 пациенттің 16,2 пайызы Алматы қаласына басқа өңірлерден келіп тіркелді. Сол 890 науқастың 125-де ауру асқынған кезеңде анықталып отыр. 2022 жылмен салыстырғанда қатерлі ісікке шалдыққандар саны 8,2 пайызға көбейді»,-дейді Нұрсұлтан Ізбағамбетов.
Орталық директорының айтуынша, қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім үш жылда 12,4% төмендеген.
«Өткен жылы Алматының онкологиялық орталығында 22576 науқас емделді. Хирургиялық бөлімшелерде 2681 ота жасалды. Бұл ретте операцияның 55% аз инвазивті әдіспен жүргізіледі. Бүгінгі таңда химиотерапияның 50-ге жуық түрі, 40-тан астам мақсатты және гормоналды препарат қолданылады, соның арқасында 18 790 пациент химиотерапиялық ем алды»,-дейді онколог.