2014 жылы Алматыда ересектер арасында Әлем чемпионаты өткен болатын, дәл сол кезде өрт-құтқару спорты тарихында алғаш рет әйелдер арасында Әлем чемпионаты өткізілді.
Әлемдегі үздік жас өрт сөндіруші-құтқарушы атағы үшін алты елдің Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары арасында сайыс өтеді. Сонымен қатар, Камерун мен Сауд Арабиясының өкілдері бақылаушы ретінде шақырылған.
Төрт күн бойы спортшылар өртті сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі сынақтарды бағындырады.
Салтанатты ашылу рәсімі 15 тамызда сағат 20.00-де Орталық стадионда өтеді. Шоу арнайы отты эффектілермен, эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен, ТЖ жағдайында өрт сөндірушілердің күшін көрсететін құтқарушы спортшылардың жанды қойылымдар көрсетуімен өтеді. Сондай-ақ қатысушы командалардың шеруі ұйымдастырылады.
18 тамызда сағат 20:00-де салтанаты жабылу рәсімі және әлем чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болады. Орталық стадионда "Has Sak" этно-фольклорлық тобының әртістері өнер көрсетеді. Іс-шара салтанатты отшашумен аяқталады.