АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласының Түрксіб ауданында 3 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 1 қабатында өрт шықты.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, шақырту орнына жеткен соң өрт сөндірушілер баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялады. Үш тізелі баспалдақтың көмегімен 2-ші қабаттан 3 азамат құтқарылды. МӨСБ-4 бөлімшесінің командирі Фархат Ушуров жанып, отқа оранған пәтерден 1-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматты құтқарды.
Аумағы 25 шаршы метр болған өрт сағат 08:47-де сөндірілді.
Еске салсақ, жақында Алматыда найзағай салдарынан жер үй өртенген еді.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.