Алматыда Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдері бас қосты

Фото: Фото: Александр Павский / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Орталық Азия елдірінің әйел-көшбасшылары бас қосты. Олар гендерлік теңдік, бейбітшілік, бизнес және бала тәрбиесі мәселелерін талқылап жатыр. 

Форумға 20 елден 50-ден астам спикер келді. Олардың ішінде америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясының құрылтайшысы Илон Масктың анасы Мэй Маск, Ресейдің танымал журналисі Ксения Собчак, Wildberries маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким бар.

Фото: Kazinform/Александр Павский

Әртүрлі қызмет саласының жұлдыздары өздерінің жетістіктері туралы әңгімелеп, мамандық табу, өзін ынталандыру, сенімсіздікті жеңу және өз жетістіктерінің тарихын жасау туралы пайдалы кеңестерімен бөліседі.

Фото: Kazinform/Александр Павский

Форумның негізгі тақырыптары:
* Өзіңіздің мақсаттарыңыз бен сүйікті ісіңізді табыңыз;
* Жеке бренд: қалай жасау керек және ол сізге не үшін керек;
* Өзіңізге сенімділік: өз өміріңіздің басты кейіпкеріне қалай айналуға болады;
* Кедергілерді еңсеру: арманға қалай жетуге болады;
* Жас кедергі емес: жас ерекшелігін өз пайдаңызға қалай айналдыру керек;
* Қайырымдылық: әлемді жақсы жаққа қалай өзгертуге болады.
Форумға үш мыңнан астам адам қатысып жатыр.

Айта кетейік, кіру ақылы. Билеттің бағасы 10-200 мың теңге аралығында.