Алматыда Орталық Азия мен Еуропа елдерінің деректі фильмдер форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Орталық Азия мен Еуропа елдері деректі фильм түсіру бойынша әріптестікті жандандырмақ. Шара 2-7 маусым аралығында өтеді.

Фото: pixabay.com

Алматыда тәжірибе алмасу, маңызды мәселелерді талқылау және серіктестік қатынастарды орнату үшін бірегей алаңға айналған Eurasiadoc-та деректі фильмдер форумы өтіп жатыр. 

Францияның ҚР-дағы бас консулы Фабрис Невенің қатысуымен форумның ресми ашылу рәсімі 5 маусымда сағат 09:00-де «Almaty creative» креативті индустрияларды дамыту орталығында болады. 

Онда аталған мемлекеттердің продюсерлік орталықтары, телевизиялық және кинокомпаниялары таныстырылады. 

Сондай-ақ Армения, Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 12 деректі жоба ұсынылады. 

«Мақсат ― деректі фильмдерді бірлесіп шығару мүмкіндіктерін ашу үшін әртүрлі елдердің мамандарын біріктіру», - деді DocMonde бағдарламасының менеджері Бианка Фонте.