Алматыда Орталық көшесі бірнеше түнге жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту аясында Алатау ауданындағы Орталық көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 29 қазан мен 3 қараша аралығында сағат 23:00–ден 06:00–ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.

Аталған учаскені Аруана көшесімен оңтүстік бағытта, Мәдениет шағынауданындағы көшемен шығыс бағытта және Саин көшесімен солтүстік бағытта айналып өтуге болады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері орнатылады. Әкімдік жүргізушілержен жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Еске салайық, Алматыда Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесі уақытша жабылатыны айтылды.