Екі күнге жалғасатын фестивальде түрлі спорттық және музыкалық бағдарламалар болады. Атап айтқанда Big Air, Jibbing, The Battle және Jungle cross форматтары бойынша сноубордшылар мен шаңғышылар арасында жарыстар өтеді.
Қазақстандық спортшылардан бөлек Ресей, Польша, Австрия, Финляндия, Франция және Сербия шаңғышылары қатысады. Фестивальдің жалпы жүлде қоры — 7 000 000 теңге.
«Біздің мақсатымыз — Қазақстандағы экшн-спорт мәдениетін дамытуға үлес қосу! Осы жылғы фестивальден керемет көңіл-күй күтемін. Жаңа адамдармен танысып, шабыт аламыз деп ойлаймын. Сол себепті экстремалды спортпен айналысатын жарқын жастарды күтемін» — дейді фестиваль продюсері Александр Кучура.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль қонақтарын спорттық жарыстардан бөлек алуан түрлі музыкалық бағдарлама күтіп тұр.
Кіру тегін.