Аталмыш бағдарлама аясында Наурызбай ауданында 3 жыл мерзімге 2100 пәтер беріледі деп болжанып отыр.
Сондай-ақ Алматы қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, өткен жылы 2 454 отбасы баспаналы болды, оның 2 049-ы қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша, 405-і коммуналдық тұрғын үй қорынан үй алды.
«Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жеке бастамасымен халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) 2000 пәтер бөлу туралы шешім қабылданды, оның 20%-ы жетім балаларға бөлінеді. ХӘОТ үшін пәтер бөлу 2024 жылдың көктемінде жоспарланған», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Алматыда мынадай мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып жатыр:
- Жылдық 2% мөлшерлеме бойынша 2-10-20 («Бақытты отбасы»);
- Жылдық 5% мөлшерлеме бойынша 5-10-20 («Шаңырақ»);
- «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы.
«Тұрғын үй бағдарламаларының операторы «Отбасы банк» АҚ. Негізгі талаптар: төлем қабілеттілігін растау және тұрғын үй құнының кемінде 10% мөлшерінде бастапқы жарна енгізу. Осы бағдарламалар бойынша тұрғын үйді сату туралы ақпаратпен банктің сайтынан (www.hcsbk.kz және www.otbasybank.kz) танысуға болады», - деп хабарлады әкімдікте.