Алматыда өткен жылы 27,2 млрд теңге игерілмеген

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда қалалық мәслихаттың кезекті XІX сессиясы өтті. Сессия барысында Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов өткен жылы мегаполисте 27,2 млрд теңге игерілмегенін айтты.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Оның ішінде: 

— Құрылыс басқармасы — 7,8 млрд теңге;
— Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы — 4,1 млрд теңге;
— Қалалық мобильділік басқармасы — 2,9 млрд теңге;
— Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы — 2,5 млрд теңге;
— Білім басқармасы — 2,1 млрд теңгені игере алмаған.

Сондай-ақ тексеру комиссиясының төрағасы 2023 жылы бюджет қаражатын уақтылы игере алмаған басқармалар қаржы басқармасымен бірлесіп қаржы тәртібін жақсартып, тиісті шара қабылдауы қажеттігін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда заңсыз салынған ірі құрылыс нысаны бұзылып жатқанын жазғанбыз.