«Сотталушы К. өз кезегінде қызметтік қаруды алып, ережені сақтамастан, қаруды жоғары-төмен сермеген. Осы әрекеттерінің салдарынан абайсызда қарсы алдында тұрған әріптесінің басынан атып жіберген. Қызметкер алған жарақатынан сол жерде мерт болды», - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді.
«Сот К.-ны ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын үшін 10 миллион теңге және материалдық шығын үшін шамамен 3,5 миллион теңге өндірді», - деп атап өтті соттан.
Еске салайық, былтыр 5 маусым күні 28 жастағы сержант қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атты, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болды.