Алматыда Өзбекстанның 40 азаматы елден шығарылды

Фото: Алматы полициясы

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Өзбекстан Республикасының 40 азаматы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ел аумағынан шығарылады.

Олар Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасымен шекарасына дейін арнайы рейстік автобустармен тасымалданды.

– Біз қаламызда шетел азаматтарының көші-қон заңнаманы сақтауын және заңды тұрғылықты болуын қадағалаймыз. Анықталған тұлғалар көші-қон тәртібі ережелерін бұзғандықтан, заңнамаға сәйкес ел аумағынан шығарылды, - деді Алматы полиция департаменті Көші-қон қызмет басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Полицияның мәліметінше, азаматарды елден шығару іс-шарасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір тұлғаның құжаттық рәсімделуі және шекараға дейінгі қауіпсіз тасымал бақылауымен жүргізілді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдан депортацияланатын шетелдіктер саны жыл сайын артып келе жатқанын жазғанбыз.