Қоғамдық кеңістік Рысқұлов пен Райымбек даңғылдарының аралығындағы Үлкен Алматы өзенінің жағасында орналасқан.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, жөндеу жұмыстары аясында аумақ толық көріктендірілді. Өзен жағалауында шағын сәулеттік нысандар мен жарықтандыру тіректері орнатылып, «Шаңырақ» арт-нысаны жасалды. Одан бөлек ағаш егіліп, көгал төселді және заманауи автоматты суару жүйесі енгізілді.
- Қоғамдық кеңістік қазірдің өзінде аудан тұрғындары үшін серуендеуге және демалуға арналған танымал орынға айналды, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, 2025 жылдың тамыз айында Медеу ауданында Терреңқұр аймағын жаңғырту жұмыстары аяқталды.