АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда патрульдік полиция көлігінің үстіне ағаш құлады. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
«Апта бойы жауған жауын-шашын салдарынан Нүсіпбеков көшесінде көптеген ағаштың тамыры босап, шіріп кетті. Олардың бірі тоқтап тұрған машиналарға, соның ішінде патрульдік полиция көлігіне құлады», - делінген жазбада.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай 7 мамыр сағат 11:15-те Медеу ауданында болды.
Қызметтік көлікте отырған учаскелік инспекторлар зардап шеккен жоқ.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.