Айтуынша, осы жылдың маусым айында қалада 500 пациентке арналған балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының жаңа ғимараты ашылды.
Мекемеде 26 реанимация және қарқынды терапия төсегі, 4 операциялық блок, сондай-ақ диагностикалық бөлімше бар. Ғимарат халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Соңғы үш жылда орталықтың қабылдау бөліміне түскен өтініштер саны 30% - ға артты.
«Қазіргі уақытта клиниканы қайта құру жоспары әзірленуде. Атап айтқанда, барлық ескі ғимараттар күрделі жөндеуден өтіп, оңалту, отоларингология, офтальмология, жақ бас сүйек хирургиясы бөлімшелері ашылады. Нәтижесінде ауруханадағы төсек саны 350-ден 470-ке дейін артады. Жаңғырту медициналық қызметтер спектрін кеңейтуге және халықаралық стандарттар деңгейінде сапаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай- ақ осы жылдың желтоқсан айында № 4 және №12 емханадағы жөндеу жұмыстары аяқталады»,- деді қала басшысы.
Бұдан бөлек, 2025 жылдың ақпан айында Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жөнделеді.
Еске салайық, осы жылдың маусым айында Алматыға жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы перзентханалардың инфрақұрылымын нығайту және олардың жұмысына озық стандарттар мен әдістемелерді енгізу қажеттігі туралы айтқан еді.