БАҚ пен әлеуметтік желілерде танымал кәсіпкер әрі блогер Сәуле Ермаханованың Smart Beauty Clinic клиникасында жан тапсырғаны айтылған. Алматы қаласының полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.
— 15 мамыр күні Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны жекеменшік клиникалардың бірінде көз жұмды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады, — деп хабарлады департаменттен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицияның баспасөз қызметі оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті. Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайтынын еске салды.
Бұған дейін Талдықорғанда ауруханаға жатудан бас тартқан 23 жастағы спортшы қайтыс болғанын жазғанбыз.