Алматыда полиция қызметкеріне пышақ сілтеген күдікті ұсталды

Фото: Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда мейрамхана маңында жанжал шығып, бір адам пышақ жарақатын алды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.

Желідегі мәліметке сәйкес, “Pegas” кафесінің маңында төбелес болып, салдарынан қызметтен тыс жүрген полиция қызметкері пышақ жарақатын алған. 

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын жазғанбыз