Желідегі мәліметке сәйкес, “Pegas” кафесінің маңында төбелес болып, салдарынан қызметтен тыс жүрген полиция қызметкері пышақ жарақатын алған.
Алматы қаласы Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
- Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында 51 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын жазғанбыз.