Алматыда психикалық ауруханадан қашып кеткен науқастар әлі табылған жоқ

Фото: Татьяна Корякина/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен екі адам әлі іздестіріліп жатыр. Жағдайға қатысты орталық мамандары түсінік берді.

– Психикалық ауытқуы бар науқастар 31 мамыр күні күндізгі серуен кезінде орталықтан өз еріктерімен шығып кеткен. Екі ер адамды табу үшін шұғыл шаралар қабылдадық. Қазір олардың қайда екені белгісіз, орталық қызметкерлерінің көмегімен полицейлер іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, – деп хабарлады Алматыда психикалық денсаулық орталығынан.

Қашып кеткендердің бірі — 32 жастағы Павел Лавров. Бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Оң қолының білегінде тыртық іздері бар. 

Екінші науқас —1992 жылы 16 қыркүйекте туған Денис Антипин. Бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қою қоңыр. Ол да аталған мекемеден сол уақытта қашқан.

Бұған дейін Алматыда психикалық денсаулық орталығынан екі адамның қашып кеткені туралы жазғанбыз