Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі бес күн бойы жабық болады
22:18, 25 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Алматыда 26 тамыз сағат 9:00-ден 30 тамыз сағат 19:00-ге дейін Пушкин көшесінде Райымбек даңғылынан Тоқмақ көшесіне дейінгі аралықта оңтүстік бағытта көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Шектеу 1986 жылы пайдалануға берілген магистральдық жылу құбыры учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан енгізілді. Бұл шара алдағы жылу маусымына дайындық аясында атқарылып жатыр.
Компания қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Айта кетейік, Алматыда Пушкин көшесінің бөлігі жаяу жүргіншілер аллеясына айналады.