Алматыда ірі қойма өртеніп жатыр

Фото: Фото: Видеодан кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматының Жетісу ауданында қойма өртке оранды. Төтенше жағдай орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккен туралы мәлімет жоқ. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

- Жетісу ауданы, Тобаяков көшесі, 60 мекенжайы бойынша Алматы қаласы ТЖД күштері отқа оранған қоймадағы өртті сөндіруде, өрт оқпандары енгізілді, - деп хабарлайды Алматы ТЖД.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда құтқарушыларға 20 қызметтік пәтер берілгенін жазғанбыз.

Сондай-ақ Алматы облысында 9-сынып оқушысы өртеніп жатқан үйден екі адамды аман алып шыққанын жазғанбыз.