Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 18 қыркүйек күні таңертең Жетісу ауданында болды.
«Алдын ала мәлімет бойынша, үш көліктің соқтығысуына «Toyota RAV-4» көлігі түрткі болды. Солтүстік айналма көшесімен солтүстікке қарай келе жатып, екінші жолақтан қарсы бағытқа бұрылып екі жүк көлігіне соғылды. Салдарынан «Toyota» жүргізушісі зардап шекті», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аталған деректі Жетісу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері назарға алды.