Алматыда ірі жолайрық жөндеу жұмыстарына жабылады
19:18, 20 Тамыз 2024
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда Райымбек - Момышұлы жолайрығының аумағына орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сондай-ақ оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады.
«Бұл аумақты Төле би, Ақсай 1-А, Саин, Еспаев, Сухамбаев-Доспанов көшелері арқылы айналып өтуге болады. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, Алматы көшелерінің бірінде жылу құбырын жөндеу мерзімі ұзарғанын жазған едік.