Экспонаттар ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайының және Алматы музейінің қорынан алынған.
Көрмеге 50-ден астам жәдігер қойылды. Сонымен қатар экспонаттар арасында өзге де майдангерлердің құнды заттары бар.
Атап айтар болсақ, жауынгерлердің фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, соғыс кезіндегі қару-жарақтар қойылған. Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысқан, Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері мен медальдары да көрме экспозициясына қойылды.
Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.