Алматыда Роботтар фестивалі басталды

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM —  Бүгін Алматы қаласында робототехника саласындағы ірі аймақтық іс-шаралардың бірі - Роботтар фестивалі Daryn FIRST Qualifier 2026 басталды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фестиваль оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау дағдыларын, жобалық және командалық жұмыс мәдениетін дамытуға бағытталған.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сайыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Аталған сайысқа 200-ге жуық команда, 1500-ден астам оқушы қатысып жатыр. 

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Daryn FIRST Qualifier 2026 - оқушылар үшін тек жарыс алаңы ғана емес, STEM (ғылым, технология, инженерия және математика) бағытындағы білімді дамытуға, тәжірибе алмасуға және жасөспірімдердің кәсіби бағдарын қалыптастыруға арналған маңызды алаң.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Үш күнге созылатын сайыстың қорытындысы бойынша үздік командалар FIRST бағдарламасының келесі кезеңдеріне жолдама алады.

Айта кетелік астаналық оқушы 1 минутта кубик рубик жинайтын робот жасап шығарған еді