Алматыда Розыбақиев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда жылу құбырларын ауыстыру жұмыстарына байланысты Розыбақиев көшесі жабылады.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

«Алматы жылу желілері» мекемесінің мәліметінше, 7 маусым түнгі сағат 23:00-ден 8 маусым таңғы сағат 08:00-ге дейін Розыбақиев көшесінің бойы (Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне) дейін көлік қозғалысы шектеледі. 

Қозғалыс екі бағытта да жабылады. 

«Аталған көшедегі жол жолындағы магистральдық құбыр учаскесінде жоспарланған жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.Уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытып, көрсетілген аумақты айналып өтудің жолын алдын-ала қарастыруды сұраймыз», - деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС