Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 11 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев – Штраус және Розыбакиев – Жандосов көшелерінің қиылыстарында автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Фото: Александр Павский/Kazinform

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, шектеулер 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық әдіспен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Бұл жұмыстар «ПС-6А, ПС-168А (2 кезең) нысандарында 6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Жұмысты мердігер ұйым – «SARYARKA-MS» ЖШС атқарады.

Компанияның хабарлауынша, жобаның негізгі мақсаты – Алматы қаласы тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыру.

– Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматының бір көшесінде қозғалыс жазға дейін шектелетінін хабарлағанбыз.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі