Алматыда сандықтар көрмесі өтіп жатыр

Фото: Фото: Мемлекеттік орталық музей

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыдағы мемлекеттік орталық музейде сандықтар коллекциясының көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге музей қорындағы 15 сандық қойылды.

Музейдің аға ғылыми қызметкері Рүстембек Шойбековтың айтуынша, қазақ қолөнерінде сандықтар негізінен қайың және қараталдан жасалған.

Фото: Мемлекеттік орталық музей

Олардың көптеген түрі бар. Кебеже азық-түлік сақтауға арналған. 

Сырты терімен қапталып, күміс, мыс шытырларымен, қатырма ою-өрнектермен безендіріліп жасалатын сандықтың түрі жағлан деп аталады.

Фото: Мемлекеттік орталық музей

«Жасалу материалына, көлемі мен атқаратын қызметіне орай сандықтар жағлан, кебеже, абажа, абдыра, әбдіре, ақырет сандық, қолсандық, шайсандық, ағаш сандық, сүйектелген, оймышты сандық деп аталады. Көлемі шағындау және неғұрлым кішкене келетін әржі, бөгіре, бөгіребас, жағдан, текшесандық деген түрлері де бар»,- деді ол. 

Фото: Мемлекеттік орталық музей

Көрмеге 15 сандық қойылды. 

Оның басым бөлігі орталық музей қорындағы ХХ ғасырды қамтитын және әр жылдары еліміздің түрлі өңірінен жинақталған сандықтар.

Фото: Мемлекеттік орталық музей

Көрме ұлттық дәстүрі мен халқының мәдениетін терең танығысы келетін әрбір азаматқа құнды ақпарат береді.

Фото: Мемлекеттік орталық музей
Фото: Мемлекеттік орталық музей