–– Жоспардан тыс 60 тексеру жүргізілді және 265 әкімшілік жаза қолданылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушылардың пайдасына 402 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды, –– деді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысының орынбасары Нұрлан Абдиев.
Спикердің сөзінше, келіп түсетін өтінімдердің негізгі үлесі бөлшек сауда және электрондық сауда саласына қатысты.
Тексеру барысында анықталған негізгі заңбұзушылықтар сапасыз тауарларды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуға, шағымдарға жауап беру мерзімдерін сақтамауға және сауда үстемелері туралы заңнаманы бұзуға байланысты.
–– Есепті кезеңде әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға белгілеудің делдалдық схемаларын тергеу жөніндегі комиссияның 30 отырысы өткізілді, бұл 662 бұзушылықты анықтауға және жоюға мүмкіндік берді, –– деді ол.
Осыған дейін Алматыда Zielinski Rozen, Duracell, Lego және Apple сияқты танымал брендтердің көшірмесі тәркіленгені туралы жазған едік.