Жалпы ауданы 2,14 га жер учаскесі тұрғын үй құрылысына берілген болатын. Департамент ЖШС-ге аталған бұзушылықты бір жыл ішінде жою бойынша тиісті нұсқама берген.
Алайда аталған талаптар уақытында орындалған жоқ. Сондықтан департамент жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап арыз жолдады.
Алматы қаласының соты осы жылдың 31 мамырында жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жер телімін мәжбүрлі түрде алу туралы шешім шығарды.
Осыған дейін, Алматыда сот заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешенін бұзу туралы шешім шығарғанын жаздық.
«Graff» тұрғын үй кешені үш жер телімінде тиісті рұқсат құжатсыз салынған.