Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сейфуллин даңғылының Бөгенбай батыр көшесімен қиылысатын учаскесі уақытша жабылады. Аталған аумақта 2026 жылғы 14 тамыз сағат 20:00–ден 17 тамыз сағат 06:00–ге дейін қозғалыс шектеледі.
— Тұрғындар мен жол қозғалысына қатысушылардан маршруттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысындағы уақытша өзгерістерді ескеруді сұраймыз, — деп хабарлады аудан әкімдігі.
Еске салайық, Алматының әл-Фараби даңғылында веложарысқа байланысты қозғалыс шектеледі.
Атап айтқанда, 16 тамыз сағат 05:30–дан 06:40–қа дейін әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Талғар тас жолына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ сағат 05:30–дан 10:30–ға дейін Достық даңғылынан Науаи көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы уақытша шектеледі.