Алматыда сейсмикалық қауіпсіздік үшін Жапония тәжірибесі қолданылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы қаласы мәслихатының депутаттары жаңадан құрылған Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының м.а. Батырхан Сүлейменовты қабылдап, сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру жөніндегі жаңа шараларды талқылады.

Фото: Kazinform / Александр Павский

Басқарма басшысы Жапонияның апаттардың алдын алу және тәуекелдерді басқару саласындағы озық тәжірибесіне негізделген бірқатар бастамаларды ұсынды. Олар:

  • Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығуларды 2024 жылы 3 есеге дейін және 2025 жылы 4 есеге дейін ұлғайту;
  • 800 мыңнан астам адамды интерактивті сабақтар мен жаттығулармен дайындау;
  • 2025 жылдың тамызына қарай Алатау ауданында симуляциялық оқу-әдістемелік орталығын салу;
  • Ұялы телефон абоненттеріне жедел хабарлау үшін Cell Broadcast технологиясын қолдана отырып, «Mass Alert» жүйесін іске қосу. Толық іске қосу – 2024 жылдың маусымы;
  • Сейсмикалық қауіпті бағалау және бақылау үшін 1986 жылы салынған сейсмология ғылыми орталығын жөндеу және жабдықтау.

Айта кетейік, бұған дейін Алматының жер астында қала салуды ұсынған сейсмологпен сұхбат жарияланған болатынбыз