Желідегі ақпарат бойынша, Әуезов ауданындағы пәтерде 50 жастағы Ресей азаматының бөлшектелген денесі табылған. Бұл ақпаратты Алматы қаласының Полиция департаменті растады.
- Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында бала өліміне байланысты қылмыстық іс тексеріліп жатқанын жазған едік.
Күдіктілердің бірі - баланың анасы болуы мүмкін.