Электрондық сауда-саттық порталында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, сатушы тарап — мемлекеттік активтер басқармасы, ал баланс ұстаушы — қалалық полиция департаменті. Аукционға қойылған көліктерінің арасында Peugeot, Kia, Hyundai, Mitsubishi, Lada және SsangYong маркалары бар.
Тізімде барлығы 41 автокөлік ұсынылған. Оның ішінде ең көп кездесетіні — Peugeot 301, барлығы 17 машина саудаға шығарылған. Лоттар арасында — 13 Kia Cerato, 4 Mitsubishi Lancer, 3 Lada-21214, 2 Hyundai Elantra және 2 SsangYong Actyon Sports бар.
Сату туралы хабарландыруларда жарияланған фотосуреттерге қарағанда автокөліктердің едәуір бөлігі апаттық немесе бұзылған күйде.
Олардың жағдайына қарап көліктердің бір бөлігі бұрын жол-көлік оқиғасына ұшырғанын болжауға болады.
Саудаға қойылған Peugeot 301 көліктерінің бастапқы құны 2,1-2,9 млн теңгеге аралығында белгіленген. 2017 жылы шығарылған Lada-21214 көліктері 2 млн теңге шамасында саудаға қойылған.
Ал Mitsubishi Lancer көліктерінің бағасы 2,65 млн теңгеден басталып, 4,1 млн теңгеге дейін жетеді.
2017 жылғы екі Hyundai Elantra шамамен 5,8–5,95 млн теңгеге сатылымға қойылған.
Аталған лоттардың ішіндегі ең жоғары баға — Kia Cerato автокөлігіне тиесілі. Олардың аукционы 6,8 млн мен 8,1 млн теңге аралығында басталады.
Сатылымға шығарылған автокөліктердің бір бөлігі бойынша сауда 2026 жылдың 12 тамызында басталуы тиіс.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 1,2 млрд теңгеге бағаланған киік мүйізі сатылымға шығарылды.