Алматыда соғыс ардагерлеріне арналған 8 аллея ашылды

Фото: Фото: Алматы қаласы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFROM — Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған экологиялық акция аясында барлық сегіз ауданда соғысы ардагерлерінің аллеясы ашылды. Бұл экоакция «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Алматы — біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқан аясында ұйымдастырылды.

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлерінің Аллеясы ашылды.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Шараға шаһар басшысы Ерболат Досаев, соғыс ардагерлері, олардың отбасы мүшелері, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері және қоғам өкілдері қатысты.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі

— Қаланың барлық ауданында бір мезетте ардагерлер аллеясы ашылды. Бұл жерлерді әр аудан тұрғыны біліп, барып, батырларымыздың рухына тағзым еткенін қалаймын. Алматыда бүгінде 21 соғыс ардагері тұрады — бұл республика бойынша ең үлкен көрсеткіш. Біз соңғы екі жылда өмірден озған ардагерлерді де құрметпен еске аламыз. Барлығы 29 ағаш егілді. Бұл аллеялар болашақ ұрпақ — балалар, немере-шөберелер үшін батырлықты еске салып тұратын тірі ескерткішке айналады, — деді Ерболат Досаев.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Ардагерлердің туыстарымен бірге Алматы әкімі биіктігі 6 метр болатын жөке ағашы отырғызылды. Әр ағаштың жанына ардагердің аты жазылған арнайы тақтайша орнатылды.

Фото: Алматы әкімдігі

Ағаш отырғызу кезінде заманауи әдістер мен технологиялар қолданылды: ағашты тік ұстауға арналған қайың тіректер, сондай-ақ, тамыр арқылы суару жүйесі орнатылды.

Фото: Алматы әкімдігі

— Соғыс ардагерлерінің барлық ұрпағы атынан аталарымыздың, әкелеріміздің, аналарымыз бен әжелеріміздің жарқын бейнесін еске алып, құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғыс айтамын. Жөке — ерекше ағаш. Ол рухтың мықтылығын, төзімділік пен адалдықты білдіреді. Бұл көне әрі асыл символ бізге болашақ ұрпақ үшін өмірін сарп еткен жандарды әрдайым еске салып тұрады. Хош иісті гүлі мен ұзақ жасайтын қасиеті бар жөке — батырларымыздың жүректе сақталатын ерлігі секілді, мәңгілік тірі естелікке айналады, — деді соғыс ардагері Ольга Савенконың немересі Юлия Завадская.

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Қарт майдангер Қамбар Әмірұлы Сәрсенов аллея үшін алғысын білдіріді.

Фото: Алматы әкімдігі

— Биыл біз Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Осындай аллеяны қолға алып, жүзеге асырғаны үшін алғысымыз шексіз. Бұл жерге біздің ұрпағымыз келіп, бұл ағаштарды аталары отырғызғанын еске алады, — деді былтыр қазанда 100 жасқа толған ардагер Қамбар Сәрсенов.

Фото: Алматы әкімдігі

Осыған дейін Ерболат Досаев ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтаған болатын