Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы Самғау шағын ауданындағы Аршалы көшесі, 2 мекенжайында орналасқан заңсыз өз-өзіне қызмет көрсететін автокөлік жуу орталығының сүрілгенін хабарлады.
— Нысан рұқсат құжаттарынсыз салынған. Иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот автокөлік жуу орнын сүру туралы шешім шығарып, заң аясында бұзылды, — делінген әкімдік хабарламасында.
Алматыдағы заңсыз құрылысқа қарсы күрес 2023 жылдың басынан бері қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда 69 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», KHAN тұрғын үй кешендері және басқа да ғимараттар сүрілді.
Айта кетелік Алматыда самса сататын заңсыз дүңгіршектер бұзылған еді.