Алматыда сот шешімімен тағы бір дәмхана бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі / Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Жандосов көшесі, 78А мекенжайында орналасқан жазғы террасасы бар кулинария нысаны сот шешімімен заңсыз деп танылды. 

Бұл туралы Алматының құрылыс бақылау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру нәтижесінде «Biens Immobiliers» ЖШС нысанды рұқсат беру құжаттарынсыз салғаны анықталды.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

– 2025 жылғы 25 ақпанда нұсқама талаптарының орындалмауына байланысты нысанды бұзу туралы талап-арыз Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды. 2025 жылғы 29 мамырда сот басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды, - делінген хабарламада.

Нысан кеше, 2025 жылғы 16 ақпанда сот орындаушыларының қатысуымен мәжбүрлі түрде бұзылды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылғанын жазған едік.