Алматыда сотталғандар қала үшін спорттық жабдықтар жасады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда сотталған адамдар үшін әлеуметтік жоба іске қосылды.
Жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың қатысуымен Алматы қаласында «Шұғыла» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Жобаға қатысушылар Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен балаларға арналған спорттық жабдықтар мен саябақ жиһаздарын жасап шығарды.
— Бұл жоба — әрқашан дұрыс жолға қайта оралуға болатынын еске салады. Алайда ең дұрысы — сол жолдан ешқашан таймау. Бүгінде жастарға жеңіл табыс немесе «зиянсыз» ләззат сыйлайтын заттар ұсынылып жүр. Бірақ салдарынан қанша отбасының шаңырағы шайқалып, уақыты зая кетіп жатады. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Өмір — еңбек пен жауапкершілік, — деді Алматы қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда полиция көлігі апатқа ұшырағанын жазғанбыз.