Жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың қатысуымен Алматы қаласында «Шұғыла» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Жобаға қатысушылар Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен балаларға арналған спорттық жабдықтар мен саябақ жиһаздарын жасап шығарды.
— Бұл жоба — әрқашан дұрыс жолға қайта оралуға болатынын еске салады. Алайда ең дұрысы — сол жолдан ешқашан таймау. Бүгінде жастарға жеңіл табыс немесе «зиянсыз» ләззат сыйлайтын заттар ұсынылып жүр. Бірақ салдарынан қанша отбасының шаңырағы шайқалып, уақыты зая кетіп жатады. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Өмір — еңбек пен жауапкершілік, — деді Алматы қаласы Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда полиция көлігі апатқа ұшырағанын жазғанбыз.