Алматы әкімдігінің мәліметінше, қала күніне орай 6 қыркүйекте GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді. Сондықтан 6 қыркүйек сағат 00:00–ден 23:00–ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі аралығында көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл шектеу фестивальге қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мақсатында енгізілмек.
— GT SPORT FEST фестиваліне шамамен 1000 әуесқой және кәсіби спортшы қатысады. Бағдарламада 3×3 стритбол, киберспорт, брейкинг, BMX және автошоу бар. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлап, көлік қозғалысы сызбасындағы уақытша өзгерісті ескеруді сұраймыз, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы көшелеріндегі жол жұмыстары қашан аяқталатынын жазғанбыз.