Алматыда стенд атудан әлем кубогы кезеңі басталды

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Турнирге 500-ден астам мерген қатысып жатыр.

Фото: ҚР ҰОК

Жүлделер «трап» және «скит» жаттығулары бойынша, сондай-ақ аралас командалар арасындағы жарыста сарапқа салынады.

Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасының сапында 20 спортшы өнер көрсетеді.

ҚР ҰОК мәліметінше, дүбірлі дода 11 мамырға дейін жалғасады. Жарыс Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатыр.

Айта кетейік, Италия астанасы Рим қаласында әйелдер мен ерлер арасында өтетін қос ірі жарыстың жеребесі тартылды.