Қалалық жастар саясаты басқармасының мәліметінше, олардың 149 мыңы Қазақстанның басқа өңірлерінен келген, ал 17 мыңы – шетелдік студенттер. Қазір қалада жатын орын қажет ететін студенттерге арналған 136 жатақхана жұмыс істейді. Оның 93-і оқу орындарының қарамағында болса, 43-і жекеменшікке тиесілі. Одан бөлек студенттерді орналастыру үшін 60 хостел де пайдаланылып жатыр.
- Қазіргі кезде Алматыдағы бірнеше жекеменшік жатақханада студенттерді орналастыруға мүмкіндік бар. Жалпы саны 830 бос орын ұсынылып отыр. Жатақханаға орналасу мәселелері бойынша 7 705 191 34 19 телефоны арқылы кеңес алуға болады, - деп хабарлады басқармадан.
Ведомство өкілдері жастарды жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында қалада жаңа нысандар ашылып жатқанын атап өтті. Мәселен, 2023–2025 жылдары жалпы 12 773 орынға арналған 43 нысан пайдалануға берілген. Ал 2026 жылы тағы 13 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Олар 3 775 орынға шақталған.
- 2026 жылдың қорытындысы бойынша Алматыдағы студенттерге арналған тұрғын үй қорының жалпы сыйымдылығы шамамен 50 мың орынға жетеді деп болжанып отыр, - деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, Қазақстан 2029 жылға қарай 100 мың шетелдік студентті қабылдауы мүмкін.