Алматыда су тасқынының алдын алу жұмысына 52 мобильді бригада жұмылдырылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда жаңбыр басталғанда коммуналдық қызметтің 52 мобильді бригадасы жұмылдырылады.

Фото: Александр Павский/Kazinform

Қазгидрометтің болжауынша, Алматы қаласында 12 сәуір таңы сағат 05:00-ден түске дейін жаңбыр жауады.

Су тасқынының алдын алу және болдырмау үшін 433 бірлік арнайы техника, 18 мотопомпа және 830 жұмысшы жұмылдырылады. Арық желілері арқылы судың кедергісіз ағып кетуі үшін 52 жедел мобильді бригада атсалысады.

«Ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе 7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Бұған дейін төтеншеліктер өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін екені хабарлаған болатын.