АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні субұрқақтар іске қосылды.Оңтүстік астанада 60 фонтан іске қосылды.
Фото: Александр Павский / Kazinform
Жалпы, мегаполисте 130-ға жуық фонтан бар, оның 66-і қала меншігінде.
Фото: Александр Павский / Kazinform
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қазір алты субұрқақ жаңартылып жатыр.
Фото: Александр Павский / Kazinform
«Одуванчик», «Аққу», «Қызғалдақ» субұрқақтары мен Орталық мемлекеттік мұражайы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театры алдындағы фонтандарға жөндеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады қалалық әкімдіктен. Қаладағы барлық фонтандар 1 мамырдан бастап таңғы сағат 8-ден түнгі 23: 00-ге дейін қосулы тұрады.
Фото: Александр Павский / Kazinform
Әрбір фонтанда қауіпсіздікті сақтау мақсатында шомылуға болмайтыны туралы тақтайшалар орнатылған.
Фото: Александр Павский / KazinformФото: Александр Павский / KazinformФото: Александр Павский / KazinformФото: Александр Павский / Kazinform
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.