Алматыда суық су мен кәріз қызметінің тарифтері төмендеді

Фото: Pixabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазан айынан бастап Алматыдағы суық сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің төлемдері жаңа тарифтер бойынша алынады. 

Бұл туралы «Алматы Су» мекемесінің өтім жөніндегі департаментінің директоры Серік Шагиров айтты. Оның сөзінше, тарифтерді төмендету Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. 

2025 жылдың қазан айынан бастап тұрғындарға арналған жаңа тарифтер:

• Суық сумен жабдықтау – 1 м³ үшін 73,92 теңге

• Кәріз қызметтері – 1 м³ үшін 45,86 теңге

Жаңа тарифтер 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады. Алайда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұтыну көлеміне қарай сараланған тарифтер жүйесіне қайта оралу жоспарланған. 

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы инженерлік желілер қысқа қаншалықты дайын екенін жазғанбыз.