АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы әйелдің өліміне қатысты жағдайдың мән-жайы белгілі болды.
Алматыда айналмалы шеңберден құлап мерт болған жас келіншек, өз-өзіне қол жұмсамас бұрын кішкентай қызын өлтіргені анықталды.
Алматы облысының полициясы ақпаратты растады.
«Кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді», – деп атап өтті ведомстводан.
Осыған дейін Алматыда әйелдің айналмалы шеңберден құлап, көз жұмғаны туралы жазған едік.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.