Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 510А мекенжайындағы «Spar» супермаркетіне жапсарлас салынған нысан толықтай сүрілді.
Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында басқарма «КБЕ групп» ЖШС-не құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген. Тексеру нәтижесінде нұсқаманың орындалмағанына байланысты тиісті материалдар сотқа жолданған.
— Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Нысанды бұзу сот шешімін орындау мақсатында оның иесі тарапынан жүзеге асырылды, — деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда Құрманғазы көшесі, 43 мекенжайындағы дәмхананың қосалқы бөлігі толықтай бұзылды.