Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогының екінші кезеңі басталды

Фото: ҰОК

АЛМАТЫ. KAZINFORM – 2 шілдеде Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогының екінші кезеңі басталды. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарыста 200-ден астам спортшы бақ сынап жатыр. Медальдар он салмақ дәрежесінде сарапқа салынады.

2 шілде

Ерлер: -58 келі, -80 келі

Әйелдер: -49 келі, -67 келі, +67 келі

3 шілде

Ерлер: -63 келі, -68 келі, -80 келі

Әйелдер: -53 келі, -57 келі

Турнир ADD спорт кешенінде өтіп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін қызылордалық полицей каратэден әлем чемпионы атанғанын жазған едік.