Оның ішінде жетім бала – 27, I және II топтағы мүгедек – 28, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне теңестірілген ардагер – 23, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы – 58, толық емес отбасы – 129, зейнеткер – 5 және кейбір созылмалы аурудың ауыр түрінен зардап шегетін бір адам.
Баспаналы болған жанның бірі – 69 жастағы Марат Шаханов.
«10 жылдан астам уақыт бойы мен кезекте тұрдым. Шынымды айтсам, осындай жағымды жаңалық күтпедім. Бірақ кеше маған қоңырау шалып, жаңа пәтер берілетінін хабарлады. Мен алтыншы қабаттағы үйімді көріп шықтым, құрылыс сапасына риза болдым. Биыл мұқтаж жандарға көптеп пәтер беріліп жатыр. Мұның бәрі Алматы әкімі Ерболат Досаевтың арқасы деп білемін. Қала билігіне жаңа пәтерде тұруға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын», - деді Марат Шаханов.
Естеріңізге сала кетейік, ХӘОТ санатындағы кезекте тұрғандарға кілт тапсыру рәсімі биыл 25 мамырда басталған болатын.
Алматы қаласының әкімінің тапсырмасына сай 2024 жылы қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі бойынша кезекте тұрған азаматтарға кезектілік тәртібімен екі мың жалға берілетін пәтер беру жоспарланып отыр, оның ішінде 400 пәтер жетім балаларға беріледі.